Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті жақсартудың маңызды қадамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз” деді.

Рас, бұл бастама Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін өте маңызды. Менің ойымша, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және техникалық, кәсіби білім беру жүйесін реформалау – еңбек нарығындағы тепе-теңдікті жақсартудың маңызды қадамы.

Қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс жоғары, бірақ бұл саланы таңдайтындардың саны аз. Көп адам университеттік білімді жалғыз дұрыс жол деп санайды, ал техникалық және кәсіби білім алу әлеуметтік мәртебеге кері әсер етеді деген көзқарас бар. Сондықтан Қ.Тоқаевтың бұл идеясы қоғамдағы бұл стереотипті бұзып, жастарды еңбекқорлыққа, нақты дағдыларды меңгеруге ынталандырады деп сенемін.

Егер жұмысшы мамандықтарына лайықты жағдай жасалса – жоғары жалақы, беделді мәртебе, білікті мамандарды қолдау – бұл елдің экономикасы үшін де, жастардың болашағы үшін де тиімді болар еді. Ең бастысы, реформа сөз жүзінде ғана қалмай, нақты жүзеге асырылса, елімізде жұмысшы мамандықтарының беделі артып, кәсіптік білім алуға деген қызығушылық өседі деп ойлаймын.

Н.БАҒЫТЖАНОВ, аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT