Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбек адамын қадірлеуіміз керек

Жұмысшылардың қадірін жете түсінуіміз керек. Қанша заман өзгерсе де, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға жұмысшы керек.

Өкінішке орай, кейбір адамдар жұмысшы мамандығына менсінбей қарайды. Оларды тек қара күшке тәуелді, аз жалақы алатын адамдар деп ойлайды. Бұл – қате пікір. Қазіргі таңда кәсіби жұмысшылардың еңбекақысы кейбір кеңсе қызметкерлерінен әлдеқайда жоғары. Білікті маман әрдайым сұранысқа ие. Дәнекерлеуші, токарь, механик, құрылысшы, жүргізуші, аспаз, наубайшы – бәрі де қоғамға ауадай қажет.

Сондықтан бізге жұмысшы мамандығының беделін көтеру керек. Мектептерде кәсіптік бағыт-бағдар беру жүйесін жетілдіріп, техникалық колледждер мен оқу орындарын жаңа технологиямен жабдықтау қажет. Сонда ғана біз еңбек адамын қадірлейтін, шын мәнінде дамыған қоғам құра аламыз.

Амандық Дүйсенғалиев, 

дәнекерлеуші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT