Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Дипломмен ауылға» тиімділігін көрсетті — ҰЭМ

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2,8 мыңнан аса маманға 25 млрд теңге бюджеттік кредит беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты.

    — Ауылдарда кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске сәтті жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылы 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алуға 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Осы жылы 2,8 мыңнан аса маманға 25 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланып отыр. Жалпы, осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімділігін зерделеп көрдік. Осы уақытқа дейін берілген бюджеттік несиелерді, көтерме қолдау алған азаматтардың 95 пайызы өздеріне алған міндеттемелерін — 3 жыл жұмысын атқарып, көпшілігі ары қарай сол ауылдарда қызмет етуге қалғанын көріп отырмыз, — деді Бауыржан Омарбеков.

Сонымен қатар ауылдарда жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға қолдау ретінде 1,5 млрд теңгеге 400 грант беру жоспарланып отырғанын айтты.

Бұған дейін «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында 49 мыңға жуық азамат тұрғын үй жағдайын жақсартқанын жазған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT