Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Қызылқоға аудандық сотында, Атырау облыстық сотының тапсырмасын орыдауда, мемлекеттік қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру мақсатында "Мемлекеттік қызметшілердің діни бірлестіктердің қызметіне қатысты мәселелері" тақырыбында дін саласы мен діни қызметке жауапты уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Ж.Ақтаев, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов және аудандық сот әкімшісінің барлық мамандары қатынасты. Қызылқоға аудандық сот әкімшісінің басшысы Р.Бауыржанұлы дөңгелек үстелді ашып, бүгінгі шараның өткізілу мақсатын айта келіп, тапсырмаға сай мемлекеттік қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру атап көрсетілгенін, аталған мәселе бойынша қазіргі таңда аудандық сотттың мемлекеттік қызметкерлерін діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеу жағдайлары орын алмағанын кеңінен әңгімелеп, заң талаптарына сай түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға қатысушылар Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Ж.Ақтаев және бас имам М.Сұлтанов сөз алып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне мәжбүрлемеу мәселесін қолдап, мұндай жағдайдың орын алмауын құптайтындарын айтты.

Қызылқоға аудандық соты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT