Жангелдин ауылдық округіне қарасты №146 учаскелік референдум комиссиясына өз таңдауын жасау үшін тұрғындар белсенділікпен келуде.
Олардың ішінде алғаш рет қатысып тұрған жас референдум қатысушысы Әділжан Нұрмұхашев. Ол биыл ғана 18 жасқа толып, ел азаматы ретінде өз таңдауын жасады.
Сондай-ақ “Жангелдин” мәдениет үйінің алдында азық-түлік жәрмеңкесі өтуде. Қолайлы бағада бау бақша өнімдері, балықтар, ыстық бәліштер және мал азығы сатылуда.
– Референдум аясында халыққа тиімді болсын деген мақсатта жәрмеңке ұйымдастыруды жөн көрдік,- дейді ұйымдастырушылар.
Гүлмира Мақсотқызы