Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Депутаттар Жаңа Қазақстан туралы пікірлерімен бөлісті

Атырауда Мәжіліс депутаты Аветик Амирханян мен облыстық мәслихат депутаты Нәсіп Шалабаева жергілікті қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын талқылады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Нәсіп Шалабаева халықты елде жасауға белсенді қатысуға шақырды.

- Енді аралас сайлау жүйесінде партия мүшесі болып табылмайтын азаматтар да Парламентке сайлана алады. Қазақстан Президенті айтқан жаңа әрі әділ Қазақстанды құру үшін барша халық бірігіп, 5 маусымда болашағымыз үшін дауыс беруі қажет, - деді Нәсіп Шалабаева.

Аветик Амирханян Атырау облысында өзінің депутаттық жолын бастағаны туралы айтып берді.

- Атырау мен үшін бөтен қала емес. Бұл жолы біз облыс тұрғындарына бүкіл ел үшін маңызды оқиға туралы түсіндіру мақсатында келдік. Бұл тарихи сәтті халық ұзақ күтті. Тек халықпен бірге біз жаңа Қазақстанды құра аламыз. 5 маусымда баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын, - деді ҚР Мәжіліс депутаты Аветик Амирханян.

Кездесу соңында депутаттар алдағы референдумға қатысты сұрақтарға жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521