Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақысына қатысты мораторий: қаулы қабылданды

Үкімет Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің және әкімдердің жалақысын көтеруге қатысты мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kzсайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау барысында «Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақыны арттыруға мораторий енгізу туралы» қаулы қабылданды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді.

Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік және квазимемлекеттік сектор субъектілері тізілімінің веб-порталдарында жарияланады.

11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, депутаттар мен әкімдердің жалақысы былтыр жыл аяғында көп талқыланғанын айтты.

«Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан жалақыларын көтеруге 5 жылдық мораторий жариялауға болады. Бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін. Бірақ сіздер түсіністікпен қарайсыздар деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз», - деді сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521