Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әдептілік мемлекеттік қызметтен басталады

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Өйткені мемлекеттік қызметкер қоғамның айнасы деуге болады.

Сондықтан оларға қойылар талап та жоғары. Таратып айтар болсақ мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметкерлер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсете білуі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыруға тырысуы керек. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет.

Атап айта кетер жайт, мемлекеттік қызметкерлерге мас күйде қоғамдық орындарда болу, адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол берулеріне болмайды. Яғни олар басқаларға үлгі болатындай, тұлға болуы тиіс. Өйткені әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылады. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан қашқақтау қажет. Жол қозғалысы ережесін бұзу, алкогольді мас күйде автомобиль басқару, сондай-ақ жол полициясы қызметкерлеріне бағынбау өрескел әдеп бұзушылық болып табылады. Мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттілігін объективті орындау да жеке мүддесінің әсер етуіне жолбермеуі қажет.

Осы орайда құқықтық әдеп тұрғысынан да айта кетсек, ҚР-ның Конституциясы мен заңнамасына сәйкес әр азамат өзге тұлғалардың құқықтарын, бостандығын, ар-намысы мен абыройын құрметтеуге міндетті. Өз кезегінде мемлекет осы құқықтарды адамның нәсіліне, діни сеніміне, жынысына және т.с.с. қарамастан кепілдік беруге және сақтауға міндеттенеді. Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қоластындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Азаматтармен және әріптестермен қарым қатынас жасау кезінде сыпайылық және әдептілік танытып, мемлекеттік қызметте өз ара қарым-қатынастың жоғары болуына атсалысуы керек. Жалпы мемлекетке деген құрмет мемлекеттік қызметші арқылы қалыптасатынын ұмытпағанымыз жөн.

 

Асылбек ЖАНҚУАТОВ,

аудан әкімі аппаратының басшысы

Әдеп жөніндегі уәкіл

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521