Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дәурен Абаев: Алтынордалық эпостар желісімен балаларға арналған ертегілер шығарылады

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Алтын Орда» тақырыбын насихаттау бойынша Мемлекет басшысы мақұлдаған бірқатар бастамаларды атады.

“Келесі жылдан бастап жүзеге асырылатын негізгі жұмыстардың қатарында,

Бірінші, шетел архивтеріндегі Алтын Ордаға қатысты материалдарды іздеу жұмыстарын күшейту;

Екінші, республика аумағындағы Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіріп, соның негізінде тарихи-материалдық кешен құру бойынша жоспар дайындау;

Үшінші, ғылыми монографиялардың шығуын пысықтау. Мысалы, «Жошы», «Берке», «Өзбек» хандар туралы;

Төртінші, «Ұлық Ұлыс» энциклопедиясының шығуын пысықтап, Википедиядағы Алтын Орда тақырыбына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі контентті жаңалау;

Бесінші, Ұлық Ұлыстың Жошыдан Кенесарыға дейінгі хандары туралы, Алтын Орданың рухани және материалдық мәдениеті, қалалары мен сауда саясаты жайлы деректі фильмдер сериясын шығару мәселесін пысықтау;

Алтыншы, алтынордалық эпостар желісімен балаларға арналған ертегілердің шығуын қамтамасыз ету;

Жетінші, Алтын Орда тақырыбы бойынша ашылған тың деректерді ескере отырып, мектеп және жоғарғы оқу орнындағы Қазақстан тарихы пәні бағдарламасының мазмұнын өзектендіру”, деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT