Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

COVID-19: Қызылқоғада жұқтырғандар саны артуда

«Вирус анықталғандардың 80-і Атырау қаласының тұрғындары. 7 науқас Теңіз кенішінен шықты» деп хабарлайды Atr.kz.

«Сонымен қатар, аудандарда да ахуал күрделі болып отыр. Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 3, Қызылқоға ауданының 4, Индер ауданының 3, Құрманғазы ауданының 9, Махамбет ауданының 2, Мақат ауданының 2 тұрғынынан инфекция расталды» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Науқастардың 48-інде инфекция тиісті симптомдармен өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 29 адам сауығып шықты.

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін, яғни, 1 ақпан – 11 сәуір аралығында Атырауда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8103 адам алды. Екінші компонентті 2822 атыраулық алды. Тек қана 10-11 сәуір аралығында Атырауда аталмыш вакцинаны 920 адам қабылдады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521