Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Болашақ жолшыларға арналған ашық есік күні

Еліміздің жол саласында кәсіби мамандардың тапшы екені біраздан бері айтылып жүр.

Осы мәселені шешу мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны кешенді бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Соның бірі - жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған «Ашық есік» күні.

Республикалық кәсіпорынның Атырау облыстық филиалында болашақ жолшыларға арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараға Атырау энергетика және құрылыс колледжінің «Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1 және 2 курс  студенттері келді. Оларға филиал директоры Д.Сайлауов мекеменің негізгі атқаратын міндеттерін, ашық есік күнінің маңызын айтты және Қазақстандағы жолдар туралы кеңінен ақпарат берді.

«Ашық есік күнінің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру. Жол саласындағы инженер, зертханашы мамандықтары туралы таныстыру. Ал, студенттердің өздері таңдаған мамандыққа қызығушылығын оятып, жол салу жұмыстарының қыр-сырын тәжірибе негізінде үйренулеріне мүмкіндік жасау,- деді филиал директоры Д.Сайлауов.

Ал, филиалдың материал бойынша инженері С.Қанатова мен зертханашы А.Исатаев  жол құрылысы кезінде пайдаланылатын материалдардың сапасын тексеруді, қиыршықтас, битум, асфальт-бетонның тығыздығын, төзімділігін анықтауды көрсетті. Зертханадағы құрылғылармен таныстырды. Қазір филиалда қызметкерлердің уақытын тиімді пайдалану, жұмыстың өнімділігін арттыру мақсатында жапондық тәжірибе негізінде Кайдзен бағдарламасы қолға алынуда. Соңғы кезде зертханадағы құрал-жабдықтар аталған бағдарлама бойынша реттестіріліп, арнайы орындарға қойылған.

Жыл басынан бері зертханада Атырау жолдарының құрылысына пайдаланылған материалдардан алынған 400- ден астам сынама сараптамадан өткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT