Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Болашаққа деген сенім мол

Қаңтар айы еліміз үшін салмағы басым саяси науқанмен басталғалы тұр. Бұл сайлаудың мәні де, маңызы да зор. Себебі, халық 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен жергілікті мәслихат депуттатарын сайлайды. Ал, бұл сайлауда әрбір дауыс маңызды.

Өйткені, халық сайлаған депутат ертеңгі күні ел игілігі үшін заңдар қабылдап, жергілікті жердің бюджетін бекітеді, халықтың үнін билікке жеткізеді. Сондықтан әрқайсысымыз бұл сайлауға белсене ат салысуымыз керек. Жалпы еліміз тәуелсіздік алғалы бірнеше сайлау өтті ғой. Десе де, осы жолғы сайлау бұрынғылардан өзгерек болғалы тұр. Олай деуге қазіргі пандемия жағдайы себеп. Қазір бүкіл әлем тығырыққа тірелді. Пандемия салдарынан қаншама кәсіп тоқтап, адамдар жұмыссыз қалды. Экономикаға да үлкен соққы болды. Ал, келер жылдан бастап пандемия салдарын жойып, барлығын қалпына келтіру үшін депуттатар көп жұмыс жасауы керек болады. Сол үшін де біз елі үшін тынбай еңбек ететін іскер адамдарды таңдағанымыз жөн. Яғни, өз болашағымыз үшін дауыс береміз.

Осы орайда, жауапты науқанды үлкен де, жас та терең сезініп, бір кісідей атсалысуы тиіс. Себебі, еліміздің болашағы, оның берекелі тірлігі мәжіліс пен мәслихат депуттарының қолында болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей халқымыздың келешектен үміті зор. Бүкіл әлем көз тіккен тұста елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік нығая түсіп, ауызбіршілігімізді көрсетуге тиіспіз деген ойдамын.

Қуаныш АЙТУҒАНОВ,

«ҚайнарМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасы

өндірістік-техника бөлімінің бастығы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521