Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Блок-постты айналып өту жағдайы байқалған

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірігіп, қала сыртында орналасқан блок-бекеттер жұмыстарына мониторинг жүргізілді.

Бұл жөнінде ағымдағы жылдың 24 сәуірі күні «ANTIKOR.live» жобасы аясында өткізілген онлайн-брифингте айтылды.

Онлайн-брифингке Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт, Облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы А.Абдолов және Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қ.Әбдіғалиев қатысты.

«Мониторингтің басты мақсаты – қаладан тыс жерлерде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша енгізілген шектеудің сақталуын тексеру. Блокпосттар қажетті құрал-жабдықтар, санитарлы-медициналық құралдармен жабдықталған және де барлық қажетті жағдайлардың жасалғандығын атап өту қажет. Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен блокпосттардың жұмысына қаламызда төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап жүргізілуде.

Мониторинг өз нәтижелерін беріп келеді. Атап айтсам, ағымдағы жылдың сәуір айының басында жүргізілген мониторинг кезінде «Алмалы» блок-постын айналып өту, яғни, Алмалы ауылы ортасы арқылы қара-жолмен өтіп кету фактілері орын алып, тұрғындар еш кедергісіз блокпосттарды айналып өтіп жатырғандығын анықтады. Дер кезінде Полиция қызметкерлеріне айтылып, қазіргі таңда, аталған пункттер Полиция қызметкерлері мен дрон құрылғылары арқылы тексерілуде. Сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері ағымдағы жылдың 23 сәуірі күні Департамент қызметкерлерімен бірігіп, қайта блокпосттардың жұмысына мониторинг жасалды. Мониторинг нәтижесінде Атырау-Астрахань тас жолында орналасқан блокпостта кем дегенде 10 автокөліктен тұратын кептелістің болғандығын көрдік. Топ мүшелерімен тұрғындар арасында жүргізілген сауалына азаматтардың сәлемдеме (посылка) беру үшін тұрғандары, кейбір азаматтардың өтіп кету мүмкіндіктерін іздеп жүргендігі анықталды. Блокпост қызметкерлерінің айтуы бойынша азаматтарға ескертілгендігіне қарамастан күнделікті осындай кептелістің болатындығын айтты.

Дегенмен блокпост маңында ешқандай ақпараттық жадынамалардың жоқтығында айтып өту керек. Олда өз кезегінде азаматтардың блокпост қызметкерлерімен тікелей байланыс жасауға әкеледі. Мониторинг жүргізген топ мүшелері анықталған кемшіліктерді блокпост қызметкерлеріне ескертті, алдағы уақытта кемшіліктер жойылады деген сенімдеміз» - деді топ Төрағасы А.Абдолов.

Брифинг барысында тұрғындардан 6 сұрақ қойылып, тиісті жауаптары берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT