Ағымдағы жылдың 12-ші маусым күні ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің саптық алаңында «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Шекара қызметінің имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 70-ке жуық студенті және шекарашы жеке құрам қатысты. Бұл күні шекарашылар шоғырланған қызмет орнына алғаш аялдаған білім алушылар жасылкүнқағарлардың жауынгерлік қызметінен ақпар алып, қолданыстағы қару-жарақ түрлерімен танысты. Тәрбиелік, идеологиялық жұмыстар бөлімінің мұрындық болуымен өткен мұндай мазмұндағы кездесулер алдағы уақыттарда жалғасын таппақ.