Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БІРЕГЕЙ ЖАБДЫҚ Атырауда 100 метрлік бірегей құрылғы жасалды

Бүгін Атырауда ең үлкен ірі габаритті «сплиттер» бағанасын тасымалдау операциясы басталды.

Пропанды/пропиленді ажыратуға арналған жабдық «АтырауНефтеМаш» ЖШС-нің зауытында жасалды.

Бұл – мұнай және газ химиясы салалары үшін техника шығаратын бірегей кәсіпорын. Жобаның басшысы Азамат Ізтелеуовтің айтуынша, бағананың салмағы 1400 тоннаны құрайды. Ұзындығы - 105 метр, биіктігі - 11 метр. Ол жеті жеке секциялардан құралған, бірақ белгіленген жеріне тұтастай жеткізіледі. Бағана өзінің төрт күндік жолын бастайтын зауытта Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев болды. Жабдықтың жеткізілетін жері - Қарабатандағы интеграцияланған газхимия кешенінің құрылыс алаңшасы.

biregej

Өңір басшысы атап өткендей, бұл - бірегей жабдық, сондықтан, оны белгіленген жеріне жеткізу де ерекше тәсілдемені қажет етеді. Жасалған кезде де, тасымалдауда да қалыптан тыс инженерлік шешімдер қолданылды. Құрылғының өзінің салмағы аса ауыр болғанымен (1400 тоннадан астам), оны таситын модульдік тасымалдауыштың (транспортер) әр білігіне түсетін жүктеме 10 тоннадан аспайды. Сондықтан, жолдың жабыны бұзылмайды. Жобалаушылардың ақпаратынша, тасымалдау төрт күн бойы, жарық кезеңде, сағатына 3 шақырым жылдамдықпен іске асырылады.

biregej3

- Бүкіл қозғалыс маршруты барлық инстанциялармен келісілді, ал, элеватор маңындағы темір жол арқылы салынған көпірден өту үшін айналма жол салуға тура келді. Сондай-ақ, колоннаның өтуіне кедергі жасайтын арканы, бағдаршамдарды, көптеген жол белгілерін демонтаж жасау қажет болды. Жүгіміз өткен соң бұның барлығы қалпына келтіріледі, - деді жобаның басшысы Азамат Ізтелеуов.

Айта кетейік, ірі габаритті бағана «Ұлттық индустриалдық мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан интеграцияланған газхимия кешенінің жобасында қолданылатын болады. Объектіні 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жоба жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге жобаның құрылыс алаңшалары 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT