Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бір көшет – бір үміт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында ағаш егу шарасына қатысуы – ел болашағына, табиғатқа деген зор жауапкершіліктің айқын көрінісі. Президенттің экобелсенділермен бірге табиғатты көгалдандыру жұмысына атсалысуы – әрбір азаматқа үлгі болатын іс.

Қазіргі жаһандық экологиялық мәселелер мен климаттың өзгеруіне байланысты табиғатты қорғау, жасыл аймақтарды көбейту – стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Осы орайда, елімізде қолға алынған «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында соңғы үш күн ішінде 4,5 миллионға жуық көшет отырғызылып, бұл көрсеткіш біздің жасыл орман қорымызды толықтыруда маңызды рөл атқаруда.

Бұл бастама – жай ғана ағаш отырғызу емес, бұл – болашақ ұрпаққа таза ауа, экологиялық тұрақтылық пен салауатты өмір салтын қамтамасыз етудің кепілі. Мемлекет басшысының бұл қадамы – табиғатты қорғау ісінде ел тұрғындарын біріктіруге бағытталған маңызды үндеу іспеттес.

Біз барша қазақстандықтарды осындай игі істерге белсене қатысып, туған жеріміздің экологиялық болашағына бейжай қарамауға шақырамыз. Әрбір отырғызылған көшет – бұл өмір, бұл үміт, бұл келешек. Таза табиғат – ортақ байлығымыз!

Жастілек МЫРЗАҒАЛИЕВ,
Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT