Білім берудің әлеуметтік мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықтың әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысында білім беру саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.

Алдымен, аталған кеңес мүшесі Дәмелі Ізбасқанова «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталды. Содан соң облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова бірқатар мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталды.

«Атырау облысының интернаттарына қатысты іс-шаралар ​ мен мамандандырылған балалар үйінің жаңа ғимаратын салу мәселесі кезек күттірмейді. Аймақтағы мектеп-интернаттарға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары және Атырау облысы әкімінің орынбасарларымен бекітілген барлық интернат мекемелеріндегі балалардың тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жоспардың орындалысы да өте маңызды. Атап айтқанда, материалдық-техникалық базаны жаңарту, жөндеу, санитарлық нормаларға сәйкес келтіру; бейнебақылау камераларын орнату, қызметкерлерді​ бала күтімі бойынша оқыту және т.б.

Отбасын нығайту институты​ туралы, зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатындағы заң жобасының да маңызы зор. Балалар жылы аясында оқушыларды мектептерде тегін ыстық тамақпен және барлық балаларды автобустарды тегін жүрумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру, аз қамтылған отбасылардың балаларын толыққанды жазғы демалыс лагерьлерімен қамтуды ұлғайту мәселелері де күн тәртібінен түспек емес» деді ол.

«Сондай-ақ, кеңестің тағы бір мүшесі, «Мүгедектер әлемі» ҮЕҰ жетекшісі Гүлбаршын Балхашқызы мүмкіндігі шектеулі жандардың құлшынысы зор екендігін ескеріп, оларға тең мүмкіндіктер қарастыру қажеттігін алға тартты.

Сол сияқты, «AMANAT» партиясының Атырау облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалысын жүзеге асыру үшін жасақталған Жол картасындағы аймақтық​ ​ іс-шараларының ІІ тоқсандағы орындалу барысын талқыланды.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика