БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасында Қазақстан Елшілігі жанындағы №257 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (Астана уақытымен 18:00-де) жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы күндері Бейжіңнің Чаоян ауданында ковидке байланысты шектеулерге қарамастан, сайлаушылардың бүгінгі белсенділігі жақсы болды», - деді ол.
Қазақстан Республикасының Қытайдағы Шанхай және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыс санау жүргізілуде.