Батыр ана он төртінші баласын дүниеге әкелді

Алматыда 44 жастағы әйел он төртінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алғыс айту күні қарсаңында қалалық перинаталды орталықтан үйіне шыққан Елена Бородюк қазір 7 ұл, 7 қыздың анасы. «Балаларымның бәрін еш қиындықсыз, өзім дүниеге әкелдім» деген ана дәрігерлерге алғысын білдірді.  

«Құдайдың бергенін қуана қабылдаймыз, әрине. Сондықтан үлкен отбасы болып отырмыз. Қазір тұңғышымның өзі әке атануға дайындалып жүр. Не болса да, бастысы, басымыз аман болсын!», - дейді қала тұрғыны Елена Бородюк.

«Бәрінің сәтті болғаны қуантады. Уайымдадық, екеуінің де денсаулығына алаңдадық. Он төртінші балам ғой. Құдайдан «Ең бастысы, дені сау бала бер гөр» деп сұрадық», - дейді көпбалалы әке Павел Бородюк.

Мамандардың айтуынша, сәби бойы 55 см, ал салмағы 4 келіден асып дүниеге келген. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты.  

«Жоғарғы топтағы қауіп-қатердегі қан кету болғандықтан, бүкіл ұжым болып атсалысып, он төртінші баласын, қыз баласын аман-есен дүниеге алып келді. 4 кг аса қыз бала дүниеге келді», - деді қалалық перинаталдық орталығы бас директорының орынбасары Жәмила Исаева.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика