Өңірлік кадр резервінің мүшесі Бертлеуов Темірлан Нұрланұлы Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы лауазымына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің келісімін ала отырып конкурстық іріктеусіз қабылданды.
Темірлан Нұрланұлы 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Индер аудандық жастар ресурстық орталығы директоры қызметін атқарған. Айта кету қажет, өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту, жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған резервке өңір бойынша 25 адам алынды. Резервшілер жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімі негізінде тікелей тағайындала алады.