Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балық қырылды: Әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты Атырау облысының әкімдігі түсінік берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде балық қырылып жатқаны түсірілген бейнежазба тарады. Бұған Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы түсінік берді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Таспа түсірілген Қайыршақты ауылдық округіне арнайы комиссия жіберілді. Аталған жерге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы мен жергілікті экологтар және басқа да жауапты мамандардан құралған комиссия тобы арнайы барды.

«Бейнежазба биыл түсірілген. Бұл жағдай Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Безымянный» су айдынында орын алған. Көктем мезгілінде балық уылдырық шашу үшін өзінің қолайлы жеріне шығады. Канал аузына келіп тіреліп қалған. Қазір қаракөз балығының 65 келі өлі шабағы жиналды,деді Артур Сәдібекұлы.

Қазіргі таңда балықтар уылдырық шашу орнына еркін кіру мақсатында, Қайыршақты округі әкімдігі тарапынан 800 метр канал қазылды. Тереңдігі шамамен 1 метр. Қазіргі таңда облыстық балық шаруашылығы басқармасы, Атырау қалалық әкімдігі мен еріктілердің қатысуымен балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мамандар өлген балықтарды жинап, санитарлық талаптарға сәйкес олар көму жолымен жойылады. Тірі балықтар сүзіліп, Жайық өзеніне жіберіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT