Өткен аптаның сенбісі күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі, аудандық аңшылар мен балықшылар қоғамының ұйымдастыруымен әуесқой балықшылар арасында сайыс өтті.
Оған Атырау қаласы және Миялы, Сағыз, Тасшағыл ауылдық округтерінен барлығы отыз балықшы қатысып, өзен мұзын ойып, балық аулаудан сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев басты мақсат - салауатты өмір салтын сақтап, табиғатты аялай білу екендігін атап өтті.
Бұдан соң, балықшылар өздеріне белгіленген жерлерді ойып, құрал-саймандарын сайлап, сайысты бастап кетті. Алайда, балықшылардың ешқайсысының қанжығалары майланбады. Кәнігі балықшылар мұны өзен суының тартылуымен түсіндірді. Сайыс барысында, бір топ балықшылар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, алғыс хат пен естелік сыйлыққа ие болды.
Дулат БЕРІК