Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әр Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап, үнемі тың бастамалар көтеріп келеді. Соның бірі және бірегейі – «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы. Бұл туралы Президент өзінің «Әділетті қоғам. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтты.

 Оның бұл бастамасы ұлт байлығын тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік жасау деген қағидадан туындағаны белгілі. Мемлекет басшысы аталмыш Жолдауда: «Біз Ата Заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есеп-шоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді.

Бала 18 жасқа толған кезде оның ақшасы жинақтаушы қорда ашылған нысаналы жинақтау есепшотына (НЖШ) аударылады. Кейін ондағы қаражатты «Қазпошта» және басқа да екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үйге немесе білім алуға жұмсауға болады. Тағы бір тиімді тұсы – жинақталған қаржы алушыға АҚШ долларымен төленеді. Ал, жинақ иесі 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл ішінде төлемді алуға өтініш бермеген жағдайда, шоттағы сома оның жеке зейнетақы шотына аударылады. Жалпы бұл бастама әлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бар үрдіс. Қазір елімізде мектеп бітірген балаларын оқыта алмай отырған ата-аналар бар. Олардың басым бөлігі көп балалы отбасылар. Міне, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы сондай отбасыларға өте тиімді. Баласы 18 жасқа толған бойда жинақталған қаражатын алады да қалаған оқу орнына түсуге болады. Менің бес балам бар. Үш балам мектепте, екі балам балабақшада. Солардың бәрінің есепшотына қаражат түсе бастады. Сол үшін қуаныштымын. Бұл бастама тек балаларға ғана емес еліміздің жарқын болашағына салынған инвестиция деп білемін.

 Мәншүк МЫРЗАҒАЛИЕВА, көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT