Балаңыз үйіңізде ме?

Күннен-күнге көркейіп келе жатырған ауылымызда бүгін де бәрі бар. Ауқаттанатын орындар, ойын-сауық нысандары, мейрамханалар тағысын тағы... Алайда, аталған осы мекемелерден кешкілік уақытта мектеп оқушыларының да бой көрсетіп қалатынын жиі байқаймыз. Бұл қаншалықты заңды? Ата-аналар не дейді? Жасөспірімдердің ойы қандай?

 

Жасөспірім заңды өкілсіз жүруге болмайды

Заң шеңберінде, яғни «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңның 442 бабы, 2 бөлігі жасөспірім балалардың көшеде жүруіне тыйым барын көрсеткен. Сағат түнгі 11-ден кейін бала ата-анасыз, яғни заңды өкілсіз көшеде жүруге болмайды. Сол бап аясында ауданда соңғы алты ай көлемінде 119 әкімшілік іс тіркелген. Оның 114-нің ата-анасына ескерту берілсе, 5-і облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына жолданып, заңды шара қолданылды. Яғни, айыппұл салынды. Қазір балалардың кешкілік уақытта ойын-сауық орындарында жүру деректері көп кездеседі. Уақыт шеңберін сақтамайды. Ата-аналардың тарапынан: «Үй жанып тұр, балам демалмайды ма, ауа жұтпай ма?» -деген жауап әзір тұрады. Алайда, баласы бір келеңсіздікке ұшыраса біз де жауаптымыз. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңның 442-баппен тәртіпке қайшы әрекеті байқалған балалар бөлімшеге әкелінгеннен кейін ата-аналарын да жауапқа тартамыз. Ескерту беріледі. Кейбір ата-аналар баласының тыңдамайтынын, тәртібіне бағынбайтынын айтып шағымданады. Ата-ана баласының үстінен осындай шағым айтып көмек сұраған жағдайда «Тұрмыстық мәселелердің алдын алу мақсаты бойынша қорғау нұсқамасын» алып ол баламен 1 ай көлемінде тәрбие жұмыстарын жүргіземіз. Қазір көп ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтыны жасырын емес. Жұмыс жасап, табыс тауып, баласын киіндіріп, тамақтандырумен ғана шектеліп қалып жатқандай. Ол баланың интернетте қандай тақырыпты қарап отырғанына немесе қайда жүргеніне көпшілік ата-ана мән бермейді. Осыдан келіп, мәселе туындайды. «Камелетке толмағандар комиссиясына» концерттік іс-шаралардың уақытын бір жүйеге келтіру жөнінде ұсыныс бердік. Айта кететін тағы бір жай «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңның 442 бабындағы 1 бөлігі ойын-сауық орындарында оның ішінде компьютерлік клубтар, кафе-барлар сағат 10-нан кейін жасөспірім заңды өкілсіз жүруге болмайды. Жауапкершілік қарастырылады. Ал осы заңның 132 бабы бойынша камелетке толмаған балалардың сол жерде жүруіне жол бергені үшін мекеменің иесі жауапқа тартылады.

Бекзат БАЙЖАН,

аудандық полиция бөлімінің

ювеналды полиция тобы аға учаскелік

полиция инспекторы, полиция майоры

Сурет: Ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика