Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен бала құқығын қорғайтын заңға қол қойды.
«Мемлекет басшысы ҚР «Қазақстан Республикасының ана мен бала құқығы мәселелері жөніндегі заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы» заңға қол қойды», - деп жазылған ресми мәлімдемеде. Заң бойынша 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға жәрдемақы тағайындалмақ.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәмелет жасқа толмаған төрт баласы бар аналар 42 мыңнан 74 мыңға дейін жәрдемақы алса, енді 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға ерекше қолдау танытылып, бала басына 11 112 теңгеден төленбек. Заң бойынша Білім және ғылым министрлігі де балалардың дұрыс тәрбие алуына жауапты.
bairaq.kz
Сурет: ашық дереккөзден