Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын пайдалануға арналған жеткілікті шектің көлемі өсті

1 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы қаражатының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегі өсті.

Әр жастағы адам үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі туралы ақпарат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында көрсетілген. Жеткілікті меженің жаңа деңгейін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында танысуға болады. Осы орайда онлайн режимде зейнетақы жинақтары бойынша толық ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттары өзгермеген. Қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға және ем-дом алуға жұмсауға болады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орай 2021 жылға есептелген төменгі жеткіліктілік шегін қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған еді. Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Үкіметті зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қолдану мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырды.

«Күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере отырып, «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің Төрағасы ретінде Үкіметті зейнетақы жинақтары ең төмен жеткіліктілігінің ағымдағы шектерінің қолданылу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырамын», - деп жазды депутат.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT