Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады

Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады.

Бұл туралы бүгін өзінің Telegram парақшасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

- Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктес-елдерге ризашылық білдірді, - деп жазды ол.

Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.

Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова Кazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметіндегі елеулі рөлі туралы айтты.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT