Қазіргі сәтте Атырауда облысындағы 261 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, жергілікті уақытпен сағат 19.00-ге дейін атыраулықтардың 70 пайыздан жоғары дауыс беруі анықталған.
-Сондай-ақ Қашаған, Қарабатан, Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың дауыс беруі де ұйымдастырылды. Олар туралы толық ақпарат 20.00-ден кейін белгілі болады.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар бойынша да дауыс жинау ұйымдастырылуда. Сайлауды ұйымдастыру бойынша әзірге арыз-шағымдар түскен жоқ, деді А.Айманакумов.
Қазіргі уақытта атыраулықтардың 70 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді
- Информация о материале
- Қоғам
- : 666