Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЖАЛҒА АРАША ТҮСКЕН ОҚУШЫЛАР АСТАНАДА МАРАПАТТАЛДЫ

Бейбіт күннің қаһармандарына еліміздің Оқу-ағарту, Ақпарат және қоғамдық даму министрлері Алғыс хат пен оқу-сауықтыру орталығына жолдама табыстады. Олардың қатарында атыраулық батырлар да бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгін Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан 11 оқушы Елордаға келді. Олар төтенше жағдай кезінде батыл әрекет жасап, ондаған адамның өмірін сақтап қалды. Атап айтсақ, атыраулық Оразали Зиноллаев, Саян Еспул, Марал Ганиев және Нұрполат Нұркелді балаларды судан алып шықты. Кездесуге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, қазақстандық дзюдошы және самбист Руслан Сейлханов қатысты. Батыр балалар мен олардың ата-аналарына министр Алғыс хат, энциклопедия, спорттық жабдықтар және лагерьге жолдамалар табыстады. Оқушылар сондай-ақ Астананың көрікті жерлерін аралады, өздері үлгі тұтатын тұлғалармен кездесті. Олардың қатарында бокстан әлем чемпионы және Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары бар. Балалар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралап, өздері үлгі тұтатын тұлғалармен кездесті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ержүрек балаларды алғыс хаттармен марапаттады. Министр қазақстандық оқушыларға көрсеткен батылдығы мен қайсарлықтары үшін алғысын білдірді. «Адам өмірін құтқару - үлкен ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бар екендігі мақтаныш. Осындай азаматтар тәрбиелегені үшін ата-аналарыңыз бен мұғалімдеріңізге алғыс айтамын» деді ол. Еске сала кетейік, Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылында биыл 14 наурыз күні сағат 18.37 шамасында 2016 жылы туылған Дархан Серік және ағасы 2013 жылы туылған Дарын Серік екеуі түп терендету жұмыстары жүргізілген канал бойында ойнап жүрген кезде Дархан каналға құлап кеткен боалтын. Ағасы інісін құтқармақ болып ол да суға секіріп кетеді. Оны көрген Аянат Әлібек деген жасөспірім көмек шақырады. Көмекке келген Оразәлі Зинуллаев Дарынды құтқарып, алғашқы көмек көрсетеді. Ал, екінші балада тіршілік белгілері болмаған. Бәрі де С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары болатын. Дарын 4, Дархан мектепалды даярлық тобы, Оразәлі 10, Саян 9, Марал 8-сыныпта оқиды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT