Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Азаптау – арға жат, беделге дақ!

Азаптау туралы істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарына жүктелген. Мемлекет басшысы атап өткендей азаптауға жол беруге болмайды және әрбір бұзушылық фактісі бойынша тиісті шаралар қабылдануы қажет.

Бүгінде азаптауды түбегейлі жою және оны болдырмау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пенитенциярлық мекемелер жаппай бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Прокурорлар бейне камералар арқылы үнемі онлайн (қашықтан) мониторинг жүргізіп, қамауда отырғандардың құқықтарының сақталуына қадағалау жүргізуде. Сонымен қатар, түзеу мекемелерінің қолжетімді жерлеріне 16 электронды терминал орнатылып, сотталғандардың прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға өтініш беру рәсімі жеңілдетілді. Облыс прокурорының орынбасары Нұржан СЕРІКҰЛЫ сотталғандарға өтініш жолдаудың тәртібін түсіндіріп, «терминал қамаудағыларды ЖСН және биометриялық мәліметтері арқылы таниды. Саусақ іздерін сканерлегеннен кейін терминал өтінішті қабылдап, арнайы талон береді»,- деп атап өтті. Бастысы, бұл процестердің барлығы мекеме әкімшілігінің қатысуынсыз жүзеге асырылады және олардың заңсыз әрекеттеріне кедергісіз шағымдануға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл заң бұзушылықтардың алдын алуға және уақтылы анықтауға жағдай туғызады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT