Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстандықтар өз құжаттарының қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы СМС-хабарлама алатын болады

Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы жылдың 1 сәуірінен бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің (бұдан әрі - құжаттар) қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне СМС-хабарлама арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске асырылды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Қиын жағдайға тап  болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету-біздің басымдықтарымыздың бірі».

Сондықтан бұл жаңашылдықты енгізу ең алдымен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау мақсатында).

Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы).

Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген.

Енді мобильдік азаматтар базасында (БМГ) тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы СМС-хабарлама алатын болады: «Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON».

Сондықтан, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір СМС-хабарламаларды алу үшін азамат «электрондық үкімет» порталындағы «жеке кабинетінде» (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуді қажет.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT