Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.

Ұлттық аза тұту күні Қазақстанда барлық мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссияларда мемлекеттік Ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеру шаралары тоқтатылады. Телеарналардан мерекелік шаралар  көрсетілмейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521