Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншалықты көтерілетінін айтты.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыға оң әсер етеді.
«Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін қосымша тағы 4%-ға индекстеу көзделіп отыр, бұл жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыларды қамтиды», деді Ералы Тоғжанов.
Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.
Egemen.kz