Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстандағы ұнның ең жоғары бағасы Нұр-Сұлтан мен Атырауда тіркелді

Дәнді дақылдардан, өсімдік ұнынан жасалған ұн, сондай-ақ олардың ішінде ұсақ тартылған қоспалар өндірісінің көлемі биылғы қаңтар-наурыз айларында 881,4 мың тоннаны құрап, бір жылда 8,9%-ға ұлғайды.

Бұл 2018-2019 жылдарға қарағанда аз. Айта кетейік, үш жыл қатарынан осыған ұқсас кезеңде өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды. Шығарылымның ұлғаюына қарамастан, ағымдағы жылдың наурызына қарай ұн бағасы бір жылда 15%-ға өсті, бұл ретте бір жыл бұрын 19%-ға, ал 2020 жылдың наурызына қарай 23,3%-ға қымбаттағаны байқалды. Қазақстанның қалалары арасында 2022 жылдың наурыз айында жоғары сұрыпты бидай ұнының ең жоғары бағасы елордада (343 тг/кг), Атырауда (327 тг/кг) және Алматыда (312 тг/кг) тіркелді. Ең төменгісі – Павлодарда (194 тг/кг), Оралда (209 тг/кг) және Семейде (212 тг/кг).

Айта кетейік, биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан 104,8 млн АҚШ доллары сомасына 284,6 мың тонна бидай немесе қара бидай ұнын экспорттады. Біздің ұнның негізгі импорттаушылары Ауғанстан (204,9 мың тонна) және Өзбекстан (56,6 мың тонна) болды. Сондай-ақ айтарлықтай көлемдер Түркіменстанға (10,7 мың тонна), Ресейге (6,3 мың тонна) және Тәжікстанға (5 мың тонна) жөнелтілді.

 

Inform.kz


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT