Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанда ақбөкендерді аулауға рұқсат беріледі

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын дайындады.

Сонымен қатар тарау аңшылыққа, кәсіптік балық аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға, ғылыми-зерттеу балық аулауға, мелиоративтік балық аулауға, өсімін молайту мақсатында балық аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сонымен қатар рұқсаттар туралы толықтырылды. Онымен қоса жануарлар түрлерін репродуктивті мақсаттарда пайдалану эпизоотиялық аурулардың алдын алу, ақбөкендердің дериватын жинау мақсатында қолданылады.

Мемлекеттік қызмет мына мекемелер арқылы көрсетіледі:

екі немесе одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында белгiленген шектерде және квоталарда ғылыми-зерттеу балық аулауды қоспағанда, жергiлiктi атқарушы органдары арқылы;

екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу балық аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бөлім арқылы;

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында ақбөкен деривативтерiн жинау мақсатындағы бөлiм арқылы.

Ақбөкен деривативін жинауға рұқсат беру кезінде ЭЦҚ-да куəландырылған "жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру туралы" өтініш беріледі. Ол "электронды үкімет" веб-порталы арқылы арнайы бекітілген нысанда электрон нысанда жіберіледі.

Құжат 21 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Бұған дейін Қазақстандағы киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткені хабарланған болатын. Былтыр 842 мың киік болған. Зоология институтында киіктерді жоюдың биологиялық негіздемесі және олардың санын реттеу жұмыстары жүргізілуде.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT