Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы бұйрығымен ақ қант пен құрақ шикізаты қантын шығаруға тыйым салынды.
«Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға аталған шаралардың қолданылғаны туралы хабарлау тапсырылды.
Бұйрық 2022 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Inform.kz