«ҚазАқпарат» ХАА мен «Атырау-Ақпарат» арасында меморандум жасалды

«Қазинформ» ХАА-нің тілшісі хабарлағандай, «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі мен өңірлік «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсімі Нұр-Сұлтанда, «Қазинформ» ХАА-нің кеңсесінде өтті, оған бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші басшылары қол қойды. Осы мақсатта «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің делегациясы еліміздің жетекші ақпараттық агенттігінің кеңсесіне арнайы келді. Делегация құрамындағы Атыраудың облыстық және аудандық газеттерінің басшылары «Қазинформ» ХАА-нің қызметімен танысты. Меморандумға сәйкес, тараптар мемлекетімізде, әлемде болып жатқан өзекті оқиғалар туралы жедел және шынайы ақпараттық материалдармен алмасып отырады.

Аталмыш құжат сапалы контент өндіруге, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға және конвергенттік журналистиканы дамытуға ықпал етпек. Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қазинформ» ақпараттық агенттігі Қазақстанның өңірлерінде стрингерлік желіні кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. «Атырау-Ақпарат» ЖШС 2001 жылы құрылған. Бұл өңірлік медиахолдингтің құрамына облыстық «Прикаспийская коммуна», «Атырау» газеттері мен жеті аудандық газет, типография мен баспа, ATPress.kz ақпараттық сайты кіреді.

«Қазинформ» ХАА еліміздегі жетекші ақпараттық агенттік болып табылады. Бүгінгі таңда «Қазинформ» ХАА әлемдегі 40-тан астам ақпараттық агенттіктермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Олар: ТАСС (Россия), «Азертадж» (Әзірбайжан), «Анадолу» (Түркия), «Синьхуа» (КХР), Télam (Аргентина), The Islamic Republic News Agency (Иран), «Кабар» (Қырғызстан), Yonhap (Оңтүстік Корея), УзА (Өзбекстан), Middle East News Agency (Египет), медиахолдинг Empresa Brasil de Comunicação (Бразилия), «Ховар» (Тәжікстан), Афинско-Македонское агентство новостей (Греция), Ufuq News (Ауғанстан), тағы басқалары.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика