Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде 2024 жылғы 22 шілдеде «Автокөліксіз күн» онлайн челленджін өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты қазақстандықтар арасында зиянды заттар шығарындыларын азайту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жеке автокөліктен бас тарту болып табылады. Осыған байланысты, осы акцияны қолдауды және келесіні қамтамасыз етуді сұраймыз: - волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, бизнес және басқа да ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, челлендж өткізу; - іс-шараларды өткізу туралы өңірлік БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпараттық жариялауды ұйымдастыру; - қатысушылардың жеке әлеуметтік желілерінде #ДеньБезАвтомобиля бірыңғай хэштегін пайдаланып фото және бейне материалдарды жариялау және @birgemiz_taza_alem2022 парақшаны белгілеу. Халықты челлендж туралы ақпараттандыру бойынша бірыңғай тәсіл мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерде тираждау үшін баннерлердің эскиздері жолданады.