banner_damu

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды бағдарламасына қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес, мемлекет кандидаттардың бағдарламалары мен БАҚ төлем жасау үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.

- Ауылдық округ әкіміне кандидаттардың сайлауалды бағдарламасын жүргізуі үшін – бір кандидатқа 220 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде телеарналар және радиотораптары арқылы сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде мақалалар жариялау үшін 170 мың теңге қарастырылған. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 17 мың теңге, көлік шығындарына 30 мың теңге және үй-жайларды жалға алу үшін 3 мың теңге бөлінген, – деді Айнұр Аманжолова.

Ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлерді бюджеттен қаржыландыру, аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі.

Жалпы жыл аяғына дейін сайлау процесіне 120 млн 248 мың теңге қарастырылған.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика