Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қауіпті індет кімдерге жұқпайды?

Америкалық және швейцариялық ғалымдар 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген кезде ауырған адамдарды зерттеді.

Олардың ағзасы COVID-19-ды жұқтырмайтыны белгілі болды деп хабарлайды РИА Новости. Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін SARS-CoV вирусын жұқтырғандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделген.

Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирустың түйісуіне жауап беретін көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, мұндай антидене түрлерінің бірі - S309 - SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады. Осылайша, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар COVID-19-дың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін. Мұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды.

Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде 4,8 миллион адам коронавирус жұқтырған, 1,7 млн адам жазылып шықты. 318 мыңнан астам адам көз жұмды.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз