Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудит кезінде өрескел кемшіліктер анықталды

Қазына қаржысы
Сурет ғаламтордан алынды

Қазына қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс. Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері он айда 79 аудиттік іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 10 592,2 млн.теңгенің бұзушылықтарын анықтады.

Оның ішінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 9 570,7 млн.теңгені, қаржылық бұзушылықтар – 1 021,5 млн.теңгені құрап отыр. Электронды аудит нәтижесінде жалпы сомасы 189,5 млн.теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары белгілі болды. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаумен 12258 рәсімдер қамтылып, 3515 мемлекеттік сатып алулар бойынша жалпы сомасы 40 174,5 млн.теңгенің бұзушылықтар анықталып, олардың нәтижесімен 3515 хабарламалар жіберіліп, толықтай орындалды. Департамент 640 лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 35,6 млн.тенгенің әкімшілік айыппұл салды.

Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне нұсқамалар жолданып, қорытындысында 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, 10 ай ішінде департаментке 2403 өтініш түсіп, уақытылы тиісті жауабы берілді. Сонымен қатар, Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету, жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша есептеріне талдау жүргізілді. Есепті кезеңде Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі 7 аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде жалпы сомасы 7,1 млн.теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады. Оның 1,4 млн. тенгесі қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды. Жүргізілген аудит қорытындысында 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Департаменттің Ішкі аудит қызметімен жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде 4 лауазымды тұлғаға 327,7 мың теңгенің айыппұлы салынып, толықтай бюджетке өндірілді.

Мәулен МҮТИЕВ,

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT