Бүгін, 19 қарашада, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қызылқоға аудандық мәслихаты депуттарына өз еркімен қызметтен кеткен Арман Баженовтың орнына аудан әкімі лауазымына үміткерді таныстырды.
Нұрлан Ноғаев Арман Баженовке жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі. Облыс басшысы ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына үміткер – бұған дейін Атырау облысы қаржы басқармасы жетекшісі лауазымында болған Нұрсұлтан Бисембиевті таныстырды. Депутаттар жаңа әкімнің үміткерлігін қолдап, оны іскер де тәжірибелі басшы ретінде білетіндерін атап өтті. Нұрсұлтан Бисембиев мамандығы бойынша есепші-аудитор және экономист.
2013 жылдан 2017 жылға дейін Атырау облыстық ревизиялық комиссиясында оператордан бастап бас инспектор-бақылаушыға дейінгі әртүрлі қызметтерді атқарды.
2017 жылдың мамыр айында Атырау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2017 жылдың 9 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы қаржы басқармасының жетекшісі болып қызмет етті.