Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан жаңалықтары – «Caspian news»-те

Теледидардан көз алмай қадағалайтын Қызылқоға ауданының жаңалықтарын, біз бұрын негізінен «Атырау-Қазақстан» телеарнасы арқылы тамашалайтынымыз белгілі.

Ал, биылғы жылдан бастап тұрғындар ауданның тыныс-тіршілігі туралы жаңалықтарды облыс орталығында ашылғанына көп бола қоймаған «Caspian News» телеарнасынан көретін болады. Жалпы, «Caspian News» телеарнасы заман ағымына сай жаңа шығармашылық форматы, өз өнімдерін көрермендерге ұтымды ұсына білуінің арқасында аз ғана уақыттың ішінде аудан ғана емес, облыс, республика көлемінде танымал болып алды.

Телеарнаның ауданмен тығыз байланыс орнатуы, алға қарай Қызылқоға жаңалықтарының теледидарда мол қамтылуына кепілдік бермек. Енді ауданда «Caspian News» арнасының арнаулы тілшілері де тұрақты жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, телеарнаны әлеуметтік желілер арқылы көруге де болады.

Арнаның Инстаграм парақшасы: @caspiannews.kz. Фейсбук парақшасы: http://cntv.kz Сонымен қатар iDtv каналы және Otau.tv спутник каналдары арқылы да тамашалауға болады.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521