Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

     Бүкіл елді қамтыған саяси науқанда аудан тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. №144 сайлау учаскесінде Тұрлан Нұрышев, Жолдас Ибрашев, Наурызбай Мақымов және басқа да ауыл тұрғындары отбасымен келіп, өз таңдауларын жасады.

   7805bd0d-3ac0-4d66-a188-cd69b915589e  Аталмыш учаскеге келіп дауыс берген аудан әкімі Қанат Әзмұханов:
     – Бүгін біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Сондықтан, азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін аудан тұрғыны ретінде өз дауысымды бердім. Аудан бойынша 18 349 сайлаушымыз бар. Олар 21 сайлау учаскесінде дауыс береді. Әр участок арнайы құралдармен жабдықталған. Әр аудан тұрғыны бүгінгі сайлаудың маңызын түсініп, жауапкершілік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауын жасайды деп ойлаймын, - деді.
     Тәуелсіздік бақылаушы Зылиха Беркенованың айтуынша, бүгінгі сайлау өз мәресінде өтуде. Ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ. Сайлаушылар өздері қалаған үміткерлерге дауыстарын беруде.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT