Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулықтар республикалық «Ауыл аманаты» байқауында жүлдегер атанды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасында үздік шаруашылықтарды анықтауға арналған республикалық байқау қорытындыланды. Іс-шараға ҚР Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және өңір әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев мәлімдегендей, байқауда жеңімпаздар қатарынан Атырау облысының еңбекқор азаматтары да көрінді. Жылыой ауданының тұрғыны Сәуле Асанғалиева «Үздік аспаздық өнім» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленсе, Исатай ауданының өкілі Ризабек Макаримовке «Үздік ет өнімі» номинациясында ІІІ орын бұйырды.

Бұл байқау еңбек адамдарының жетістігін елеп, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған мемлекеттің қолдау тетіктерінің бірі екенін көрсетті.

— «Ауыл аманаты» жобасы ауылдағы еңбеккерлерге өз ісін дамытып, нарыққа шығуына мүмкіндік беретін қарапайым әрі тиімді құралға айналып отыр. Ал байқауда жеңімпаз атанған атыраулықтардың еңбегі көпке үлгі. Олардың табысы ауылдағы еңбек адамдарының мүмкіндіктері мен мемлекеттің қолдауының жарқын нәтижесі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, — дейді Марат Мурзиев.

Қуандық ШӘКІРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT