Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулықтар ауызсудан тарықпайды

сурет ғаламтордан алынды

Бүгінде «қара алтынымен» еліміздің атын асқақтатқан мұнайлы мекен Атырауымызда қазір көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелер оң шешімін тауып жатыр. Соның бірі, күні кеше ғана өңірде ауыз сумен қамту көрсеткіші  99,9%-ды құрағаны белгілі болды. Бұл дегеніңіз аймақта енді ауызсу мәселесі туындамайды деген сөз ғой!

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында ауылды айтпағанның өзінде, қаланың қақ ортасында халық суды үйден емес, далада орналасқан су колонкаларынан алып келгені әлі де есте. Шүкір, қазір әр үйде су сарылдап ағып тұр. Тіпті, алыс ауыл тұрғындарына дейін тіршілік нәрінен таршылық көріп жатқан жоқ. Мәселен, былтыр Қызылқоға ауданына қарасты Қоңыраулы, Аққора және Махамбет ауданындағы Бала Ораз, Есмахан, Көздіқара және Атамбаев ауылдарына ауыз су құбыры жүргізілді. Сол сияқты, Махамбет және Исатай аудандарындағы 16 су тазарту ғимараты жаңғыртылды. Бұл жұмыс Құрманғазы, Махамбет пен Индердегі 14 нысанда жалғасатыны да айтылды.

Тағы бір қуантрлық жаңалық, суды ысырып етпеу үшін автоматтандырылған су есептегіш құралдары орнатылып жатыр. Енді тұтыну туралы көрсеткіш диспетчерлік орталыққа онлайн форматта дер кезінде түсіп тұрады. Бұл – өте құптарлық үрдіс. Қалай болғанда да, үнемдеген ұтады ғой. Мұны әсіресе тоқшылық заманда өмір сүріп жатқан жастар жағына аға буын өкілдері түсіндіріп айтып отырса, артық етпейді.

Кеңес ҚОСЫБАЕВ,

ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT