Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Геолог кентінің тұрғыны полициялардың жеделдігі үшін алғысын білдірді.
"16 маусым күні сағат 9:00 шамасында Атырауда көлігімді ұрлап кетті. 102 қызметіне хабарласқаннан кейін камералардың көмегімен полицейлер көлігімді тауып берді. Оларға үлкен алғыс", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің таратқан бейнежазбасында. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дерек: ATpress.kz
Сурет: Ашық дереккөз