Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық Әділ дүниежүзілік олимпиададан күміс жүлдеге ие болды

Атырау “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділ Сұлтанов дүниежүзілік "STEM" олимпиадасында күміс медаліне ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Жеңімпаз оқушы 7-сыныптан бастап информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысып жүр. Республикалық жарыстан күміс жүлдеге, халықаралықтан қола медальге, еуразиялық жарыстан екі мәрте жеңімпаз атанған.

Халықаралық “STEM”олимпиадасы екі кезеңнен тұрды. Олимпиада үш бағыт бойынша өтті. Бірінші кезеңінен өтіп, финалға онлайн түрде қатысты. Жас ғалым Әділ 7 695 оқушының ішінен екінші орында.

Аталмыш байқауға 95 ел қатысып, 7695 оқушы бақ сынаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521