Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық депутаттар "Динамо" спорт кешеніне мониторинг жүргізді

Атырауда "Динамо" спорт кешеніне тексерістер жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлеуметтік желілерде "полицейлер жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды  "Динамо" спорт залына әкеліп қамап, ұрып -соғуда" деген ақпараттар тарады.

Осы ақпараттар негізінде облыстық мәслихат депутаттары мен прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері спорт залына  мониторинг жүргізді.

"Динамо" спорт кешенінде тәртіпсіздік жағдайы орын алды деген ақпараттардың көптеп таралуына байланысты біздер тексеріске шықтық. Мониторинг кезінде бұл жерде ешқандай құқық бұзушылық жағдайдың орын алмағанын және ешкімді әкеліп күштеп қамамағанын көрдік. Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз, деді облыстық мәслихат депутаты Амангелді Абдолов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT