Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық азаматтан үш мыңнан астам доза синтетикалық есірткі тәркіленді

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 24 жастағы Қазақстан республикасының азаматы ұсталды.

Атырау қаласының Гайдар көшесінде жалдаған пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 килограмм синтетикалық есірткі заты тәркіленді (бұл 3.330 мөлшер 50 000 000 теңге құрайды).

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді -деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін тұлға 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ​Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128 бабына сәйкес Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Атырау облысы полиция департаменті

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT